Төсбелгі нөмірлерін беру
Старттық пакеттерді беру 2 күн ішінде – 2025 жылдың 12 және 13 қыркүйегінде жүргізілетін болады.
Беру мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 12 - "Көрме" орталығы https://2gis.kz/shymkent/geo/70000001026576457
Старттық пакеттерді беру кестесі:
- 12 қыркүйек күні 11:00-ден 20:00-ге дейін
- 13 қыркүйек күні 11:00-ден 19:00-ге дейін
Өзіңізбен бірге жеке куәлік / паспорт / туу туралы куәлік болуы керек.
Пакет сайтта ЖҮГІРУШІНІҢ ҚОЛХАТЫН өз қолымен толтырған қатысушыларға ғана беріледі! Кәмелетке толмаған қатысушылар ата-анасының қолхатын және қолхатты толтырған ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы керек.
Үшінші тұлғалар, соның ішінде корпорациялық топтардың өкілдері, тіркелген қатысушының орнына старттық нөмірді ала алмайды!