Төсбелгі нөмірлерін беру
Старттық пакеттерді беру 2 күн ішінде – 2023 жылдың 15 және 16 қыркүйегінде жүргізілетін болады.
Беру мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 12 - "Көрме" орталығы https://2gis.kz/shymkent/geo/70000001026576457
Старттық пакеттерді беру кестесі:
- 15 қыркүйек күні 11:00-ден 20:00-ге дейін
- 16 қыркүйек күні 11:00-ден 20:00-ге дейін
Өзіңізбен бірге жеке куәлік / паспорт / туу туралы куәлік болуы керек.
Пакет сайтта ЖҮГІРУШІНІҢ ҚОЛХАТЫН өз қолымен толтырған қатысушыларға ғана беріледі! Кәмелетке толмаған қатысушылар ата-анасының қолхатын және қолхатты толтырған ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы керек.
Үшінші тұлғалар мәлімделген қатысушының орнына қатысушының денсаулығы туралы қолхат және қатысушы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ старттық жинақты алып жатқан адам куәлігінің көшірмесі болған кезде ғана старттық нөмірді ала алады.